9 сынып Қазақ тілі 2 тоқсан БЖБ 1 Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017

34 Просмотры
Издатель
Қайырлы күн!
9 сынып Қазақ тілі 2 тоқсан БЖБ 1 Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.

Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігі
Ширек ғасырдан астам уақыт әлемдік тарих үшін қас-қағым сәт! Биыл бір ғана
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу арқылы егемен Қазақстан өзінің есімін жаһандық жылнамаға жазды. Осының бәрі Қазақстанның мемлекеттілігінің негізін қалап, туған халқын баянды тәуелсіздікке жетелеген Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өміршең идеялары мен баянды бастамаларының жемісі.
Елімізді әлем таныған шақта сан түрлі жетістіктеріміз де жетерлік. Солардың бірегейі
– «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі.
10 маусым – 10 қыркүйек аралығында жаһан жұрты Еуразияның кіндігіндегі Қазақ Елінің бас қаласына көз тікті. Тәуелсіздігінің 27 жылдығына аяқ басқанда еліміз халықаралық деңгейдегі аса ауқымды, жауапты шараны зор абыроймен өткізді. Қуанарлығы сол, 155 мемлекет, 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өткен көрмеден 4 миллионға жуық адам ұмытылмас әсер алып қайтты.
Орнықты дамудың даңғылына түскен Қазақстан өз жолынан жаңылмайтынын дәлелдеді. Тәуелсіз Қазақ Елінің бүгінгі табысының екі алтын тұғыры бар. Бірі – Ұлы Далада жаңа мемлекет құрған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясаты, екіншісі – өз көшбасшысының айналасына топтаса білген Қазақстан халқы. Бүгінгі ұрпақтың пешенесіне жазылған ең үлкен бақыт – тәуелсіздігіміз баянды болсын!

1. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне саяхат» тақырыбында естеліктеріңізбен бөлісіңіз. Қандай сәттер есте ерекше қалды?
Астана десек бірден көз алдымызға Бәйтерек, Хан Шатыр, Экспо есімізге түсіп елестейді. Астана қаласында 2017 жылы Экспо көрмесі болды. Экспоға көптеген мемлекеттер қатысып, ол жерде біздің еліміздің азаматтары көрмелермен танысып, әр елдің салт дәстүрі, қолданатын дүниесі жайлы мағлұматтар алып, білетіндерін әрі толықтырды десек болады. Ол жерде шет елдерде жасалатын техникалар, экономикалық тұрғыда қолданылатын технологиялар туралы мағлұматтар алды. Экспоны көргенде көрмегенде арманда болды десек болады. Экспо кезіндегі көрмеден өте жоғары деңгейде мағлұматтар болды. Экспоның басты символы ретінде салынған Қазақстан Республикасының павильоны орналасқан шар ол өз алдына бір әлем деп айтсақ болады. Осындай көрмені ұйымдастырған, құрастырған адамдар елін, халқын ойлайтын, жақсы көретін, және оларға жақсы болуды ойлайтын жандар деп есептеймін. Осындай әлемге танымал көрме, мұражайлар көп болғаны жақсы. Экспо өтуінің арқасында көп елдер Қазақстанмен танысып кетті.





2. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі – тәуелсіз Қазақстанның мақтанарлық жетістіктерінің бірі. Өз тарапыңыздан мәтін тақырбына орай Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігін ойластырыңыз.

Бірінші, біздің ең басты жетістігіміз – біз дүние жүзі картасында мүлде болмаған мемлекетті, Тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Халықаралық деңгейде мемлекеттік шекара бекітілді, Конституция негізінде тиімді мемлекеттік басқару жүйесі құрылды. Заманауи қарулы күштеріміз, құқық қорғау жүйеміз бар. Қазақстан қазіргі кезде ынтымақтастық мәселесіндегі беделді, жауапты серіктес., - Н.Назарбаев
Елбасы екінші жетістік ретінде Қазақстанның экономикалық дамуын атап өтті. Бұл 2012 жылы әлем экономикасындағы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуге мүмкіндік берді.
Елбасының сөзінше, үшінші жетістік - бейбітшілік пен келісімнің үлгісі бола білуі. Осы тұрғыда мемлекеттегі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясын атап өтті.
Төртінші жетістік - қазіргі таңда жалпы сомасы 265 млрд теңгені құратын шетелдік инвестицияның Қазақстанға тартылуы.
«Ең қиын жылдары әртүрлі инвестор компаниялар елімізге келді. Сондықтан Қазақстанға тек қаржы ғана емес, технология мен ғылымды қоса ала келген және біздің азаматтарды заманауи деңгейде жұмыс істеуге үйреткен барлық инвесторларға алғыс айтамын» деген Елбасы.
Сондай - ақ халықтың әл ауқатының өсуін бесінші жетістік деп атаған болатын.
Алтыншы жетістік - интеграциялық бастамалар. Еуразиялық экономикалық Одақ құрылып, оның құрамына кірдік.
Ал жетінші жетістік ретінде Елбасы қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы мен ядроға қарсы қозғалыстың көшбасшыларының бірі бола білгенін атаған болатын.


Категория
Тренды сегодня
Комментариев нет.