Instagram: https://instagram.com/gaziza.kozhagulova
TikTok: https://www.tiktok.com/@gaziza.kozhagulova
Қазақ тілі мен орыс тілі туралы кейбір деректер
Тіл - адамдардың қарым-қатынасының негізгі құралы. Тіл ойлаумен, санамен тығыз байланысты. Тіл арқылы адамдар өз тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.
Әлемдегі барлық тілдің жалпы санын анықтау мүмкін емес, сол себепті тілдердің жалпы саны жөнінде мәліметтер әртүрлі болып кездеседі. Бір деректерде тілдердің саны 7 мыңнан астам деп айтылады. Ал әлемде сөйлеушілер саны 100 мыңнан асатын небәрі 100-ге тарта тіл ғана бар екен. Ал сөйлеушілер саны 10 миллионнан асатын тілдердің саны 40. Қуанышқа орай, дәл осы 40 тілдің құрамына қазақ тілі де енеді.
Әлемде 95 тіл мемлекеттік тіл болып табылады. Ал 56 мемлекет ағылшын тілін мемлекеттік тіл ретінде таныған, ал француз тілі - 30. Ал қазақ тілінің 16 млн астам сөйлеушісі бар. Қазақ тілі бұл жағынан әлемдегі ірі 40 тілдің қатарына енеді. Қазақ тілі - түркі тілдері ішіндегі сөздік қоры ең үлкен тіл ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең таза тілдердің бірі. Сөздің қорының 60%-ын түркілік түбірлі сөздер құрайды. Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішінде таралуы жағынан үшінші тіл: түрік тілі, өзбек тілі және қазақ тілі. Қазақ тілі диалектісі жоқ тілдердің бірі. Қазақ тілі ЮНЕСКО-ның статистикасы шығарған рейтинг желісінде ТОП-50 аударушы тіл қатарына енген. Қазақ тілі әлем әдебиеттерін аударушы 46 тілдің бірі болған. Әлемдік шығармалардың басым көпшілігі неміс, француз, испан, ағылшын, жапон тілдеріне аударылады. Қазақ тіліндегі Википедия тілдердің ішінде мақала көлемі бойынша 32-орынға жайғасқан. Қазақ тілі – интернет кеңістігі контент көлемі бойынша 57 орында тұрған тіл. Ал бірінші орында, ағылшын тілі, оның көлемі интернет кеңістігіндегі ақпараттың 55%-ын құрайды.
Қазақстандағы ең көп таралған тілдің бірі - орыс тілі. Конституция мемлекеттік қазақ тілімен қатар ресми жағдайларда орыс тілін қолдануға рұқсат береді. Орыс тілі – орыс ұлтының біртұтас тілі, бірақ сонымен бірге ол қазіргі әлемдегі халықаралық қатынас тілі болып табылады. Орыс тілі әлемдегі ең бай және күрделі тілдердің бірі және оны үйрену қиын деп саналады. Орыс тілінің 45%-ы ғана славяндық негізді құрайды. деп саналады. Әлемдегі орыс тілі үндіеуропалық тілдер санатына жатады. Ана тілінде сөйлейтін тілдер рейтингінде 8-ші орынға ие болды. Орыс тілі ең көп аударылған тізімде 4-орынға ие болған тіл, Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 ресми тілінің бірі болып саналады.
Қазақстанның көп ұлтты халқына толыққанды ақпараттық қызмет көрсете отырып, орыс және қазақ тілдері қатар өмір сүре алады және сүруі керек.

- Категория
- Тренды сегодня
Комментариев нет.