30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аталып өтілді.

36 Просмотры
Издатель
КОНСТИТУЦИЯ-КЕМЕЛДІК КЕПІЛІ
30 тамыз күні Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция – кемелдік кепілі» атты мерекелік концерті өткізілді.

Конституция – еліміздің басты, жоғары мемлекеттік Заңы. Бұл күн – республиканың барлық азаматтары үшін айтулы күн. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда республикамыздың қазіргі уақытқа дейін қолданылып жүрген Негізгі Заңы қабылданды.

Шарада Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі құрылым бөлім басшысы Жаңаберген Токин атаулы күннің мазмұндылығына тоқталып, ауыл тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.

Концертті ауылдық кітапханашы Гүлжазира Абдолова жүргізіп, Ата заңның тарихына тоқталып, оның мән-маңызын атап өтті.

Ауыл өнерпаздары Ануарбек Зинеғалиұлы «Елім менің», Еламан Жотаев «Қазақстаным ұлы Отаным ай», Жеткерген Токин «Қазақтай ел қайда», Амина Бақыткерей «Мерекелеріңізбен» әндерін орындап, Айжамал Бөленова «Азат елдің ар-намысы-Ата Заң», Жұлдызай Жарасқанқызы «Заң дәстүр», Жансая Сағынайқызы «Ата заң» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Шара соңында ауылдық кітапханада «Ата Заңым-ардағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Категория
Тренды сегодня
Комментариев нет.