Мемлекеттік тілді дамыту – баршамыздың ортақ борышымыз

33 Просмотры
Издатель
Мемлекеттік тілді дамыту – баршамыздың ортақ борышымыз
Қызылорда облыстық сотында «Қазақ тілін сот саласында қолдану аясын кеңейту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға облыстық соттың төрағасы Шығамбаев Әділхади Жұмабайұлы, облыстық соттың судьясы, мемлекеттік тілді дамыту мәселесін үйлестіруші Маликова Шолпан Маратқызы, бірқатар судьялар, Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Есімова Ләззат Жұмаханқызы, Түркістан-Қызылорда облысы бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының, нотариаттық палатаның, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, «Бітім» медиация орталығының, екінші деңгейлі банк филиалдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев ашып, мемлекет басшысы мен мемлекеттің ұстанып отырған саясаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру екендігі, алайда мемлекеттік тілдің қолданыс аясы әлі де өз деңгейінде орындалмай тұрғанын баса көрсетті. Сонымен қатар коллекторлық компаниялар, банк кеңселері, өзге де ұйымдар азаматтық талап қоюды ресми тілде ұсынып отырғанын, ол өз кезегінде қазақ тілді Қызылорда облысының халқына айтарлықтай қиындық туғызатынын, сондықтан бүгінгі шараның маңызды екенін айтты.
Тақырыпқа сай баяндама жасаған Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Елшібеков сотқа жүгінушінің сотқа талап қою тілін өзі таңдауы Конституциялық құқығы екенін, алайда мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолдану аясын кеңейту, оған құрметпеу қарау барлығымыздың азаматтық борышымыз екенін айтты. Сондай-ақ Б.Елшібеков талап қоюшы мемлекеттік тілді жетік білсе де сотқа орыс тілінде арыз беруі тоқтамай тұрғанын, сондықтан бірнеше жауапкерлерге талап қою мен өзге құжаттарды қазақ тіліне аударып беру, оларды аудармашымен қамту сотты әуре-сарсаңға салатынын атап өтті.
Келесі болып баяндама жасаған Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Түбекбаева Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңында мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігі айқын көрсетілсе де, оны елемей ресми тілде сотқа жүгінушілер қатары азаймай тұрғанын, бірақ Ата Заңды бұлжытпай орындау еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті борыш екенін, сондықтан қатысушы өкілдерге алдағы уақытта талап қоюларды мемлекеттік тілде ұсынуға шақырды.
Баяндамадан соң қатысушылар мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бойынша өздерінің ұсыныс пікірлерін айтты.
Шара соңында Қызылорда қаласының Қ. Мұхамеджанов атындағы 1 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушылары ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының өнегілі өмірінен сахналық көрініс қойып, мәнерлеп өлең оқыды.
Дөңгелек үстелді қорытындылаған Ә.Шығамбаев барлық қатысушыларға алдағы уақытта сотқа мемлекеттік тілде арыз-шағым беруді ұсына келе, ол өз кезегінде қазақ тілінің дамуына септігін тигізетінін жеткізді.
✍️Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
Категория
Тренды сегодня
Комментариев нет.