Соңғы бірнеше күн ішінде теңге айтарлықтай нығая түсті. Мәселен, Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валюта 4 теңге 45 тиынға қымбаттап, 1 доллар - 431 теңге 8 тиынға тең болып отыр. Бұл АҚШ долларының соңғы 9 айдағы ең төменгі көрсеткіші. Әрі бұдан бөлек еуро да арзандап, бір тәулік ішінде бірден 7 теңге 53 тиынға төмендеді. Бұл үрдіс қашанға дейін жалғаспақ? Әріптесім Нұрболат Жаңабекұлы сарапшылардың пікірін біліп көрді. Нұрболат, алдағы уақытта теңге бағамы қанша болуы мүмкін? Дәл осы қарқынмен қымбаттай бере ме? Сарапшылар не дейді?
Асыл, бұл сұраққа нақты жауап бере қоятын сарапшы жоқ. Өйткені теңгенің нығайып, не құлдырауына түрлі ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Әрі соңғы күндердегі шетелдік валюталарға қатысты қымбаттау уақытша құбылыс болуы әбден мүмкін. Яғни, төл теңгеміз нығайып жатыр деп сүйіншілетіп, бөрікті көкке атуға әлі ерте. Мәселен, сарапшы Меруерт Махмұтова ұлттық валютаның күшейуіне сыртқы саудадағы баланс тікелей ықпал етті дейді. Айтуынша, жыл басы болғандықтан әзірге импорт-экспорттық операциялар қарқын алмаған. Бір жағынан бюджет салықтан түскен қаржымен толығып отыр екен. Демек, бірнеше фактордың әсерінен теңге қысқа мерзімге ғана нығайған.
МЕРУЕРТ МАХМҰТОВА, сарапшы:
– Мұнайдың бағасы қандай болады, халықаралық нарықтың жағдайы қандай болады, Ресей рубльінің айырбастау деңгейі, Ресей рубльі құнсыздана ма сол факторлардың бәрі бірге біздің теңгеміздің нығаюына немесе әлсіреуіне үлес қосады.
Кейбір сарапшылар ұлттық валютаның нығаюына Ұлттық банктің жоспарлы жұмыстары әсер етіп отыр деп санайды. Яғни, Ұлттық банк Ұлттық қордағы 700 миллион доллардан астам қаржыны теңгеге, ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін керісінше долларға айырбастайды. Сәйкесінше, айырмасынан түскен қаражат есебінен теңгеге деген сұраныс артады. Демек, нығаяды. Егер Ұлттық банк осы сияқты операцияларды жалғастыра берсе, теңге де тұрақтанады. Болмаса, қайта құлдырауы ықтимал.
ҚУАНЫШБЕК ДҮЙСЕНОВ, сарапшы:
– Бір жыл бұрын наурыз айында бізде 517 теңгеге дейін көтеріліп кетті, шарықтап кетті. Қазір почти 100 пунктіге дейін азайып кетті ғой. Енді ол алдыңғы болған 470-480 пунктіне қайтып келуі мүмкін. Егер осы шаралар азаятын болса. Өйткені ол жалғаса беретін болса, сөзсіз теңге күшейеді. Бірақ Ұлттық қор азаяды. Ол азаятын болса мемлекеттің резерві азаяды. Бюджетке былай айтқанда дефицит көбейеді. Ал бюджеттің дефицитін Ұлттық қор жаппау керек қой. Оны табыс жабу керек.
Ал ақша айырбастау бекеттеріндегі ахуал қалай болып жатыр? Бұл үдерістің сатып алу-сатуға қандай да бір әсері тиді ме?
Әзірге олай деуге негіз жоқ. Әрі көпшілік те мұның уақытша құбылыс екенін түсініп отырған секілді. Мәселен, қазір Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 432 теңгеден сатылып жатыр. Ал сатып алу құны - 435-436 теңге аралығында екен. Айта кетейік, Қазақстан қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар екі күнде бірден 10 теңгеге арзандап отыр. Бүгінгі дерекке сәйкес, АҚШ валютасының бағамы 4 теңге 45 тиынға төмендеп, 1 доллар - 431 теңге 8 тиынға тең болған. Бірақ еуроға қатысты мәлімет жаңартылмапты.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

- Категория
- Тренды сегодня

Комментариев нет.